Қарағанды мейрамханаларында сапасыз өнімдерден жасалған тағамдар беріледі - СЭҚ

Фотография - Қарағанды  мейрамханаларында сапасыз өнімдерден жасалған тағамдар беріледі - СЭҚ

Көрнекі фото

Облыстық орталықта 160-қа жуық қоғамдық тамақтану нысаны санитарлық-эпидемиологиялық дәйектемесіз қызмет көрсетіп жүргені анықталды.

277 0

Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинге Қарағандыда өткен кеңес отырысы барысында облыс орталығында қызмет көрсетіп жүрген кафе мен мейрамханаларда қалыптасқан қауіпті жағдай бойынша жасалған баяндамада айтылды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

 

Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі Қарағанды облыстық департамент жетекшісі Бауыржан Асайыновтың мәлімдеуі бойынша, бірқатар мейрамхана мен кафелерде өз қонақтарына сапасы күмәнді сүт және ет өнімдерінен әзірленген тағамдар ұсынады. Ақтоғай ауданына қарасты Үшарал ауылынан Балқаш қаласындағы дүкенге күйдіргі ауруына шалдыққан мал еті жеткізілгені анықталғаннан кейін қоғамдық тамақтану орындары қатаң бақылауға алынды.

 

"Аймақта мал шаруашылығы өнімінің айналымында қалыптасып отырған жағдай алаңдатады. Бұл өндірушілерге де, тұтынушыларға да қатысты. Басты назарымыз ұйымдастырылған тамақтандыру ісін жүргізіп отырып, ет-сүт өнімдерін қолдан, қауіпсіздігі расталған құжаттарын талап етпей сатып алатын мейрамханаларға, кафелерге, асханаларға аударып отырмыз", - деп мәлімдеді Баурыжан Асайынов.

 

Шенеунік санитарлық-эпидемиологиялық тазалықтың тым болмаса бастапқы талаптарының орындалмауы бойынша нақты фактілерді келтірді.  

 

"Жыл басынан соттар 18 нысанның қызметін уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдады. Санитарлық-эпидемиологиялық дәйектемесіз қызмет көрсетіп жүрген 160-қа жуық нысан анықталып, 104 582 354 тенгеге айыппұлдар салынды", - деп баяндады Б. Асайынов.

 

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аймақтардағы мамандарына ветеринария және тағамдық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалардың талаптарын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шараларды қолдануды тапсырды.

 

15 шілдеде, Қарағанды облысында күйдіргі ауруына шалдығу фактілерінің анықталуынан кейін өткізген брифинг барысында, Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин зарарлы етті сатып алудан сақтану бойынша бірқатар кеңестермен бөліскен болатын. Ол етті тек базарлардан, сауда кәсіпорындарынан және дүкендерден ғана алу керектігін айтты. Оның айтуынша, еттің сыртқы түріне қарап, оның ауру қоздырғыштарымен жұқтырылғанын анықтау мүмкін емес. Егер де ет сапасы күмән тудырса, білікті мамандардың жауабын алу үшін лабораторияда тексерту қажет. 

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!