ҰЭМ азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндіруі Сағынтаевтың күлкісін келтірді

Фотография - ҰЭМ азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндіруі Сағынтаевтың күлкісін келтірді

Фото: today.kz

Премьер дүниежүзілік нарық жағдайы туралы дәлелге сенімсіздік танытты

335 0

Қазақтан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев  шенеуніктерді тек базарларды тексерумен ғана айналыспай, азық-түлік бағасын өсірмеу үшін шара қолдануға шақырды, - деп хабарлайды Today.kz.  Министрлер кабинетінің басшысының айтуынша, жоғары лауазым иелері келгенде қойылатын баға шындыққа сай болмайды.

Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасын, оның ішінде отандық өнімнің бағасын өсірмеу үшін нақты шара қолдануды тапсырып, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бағаның қымбаттауына қатысты дәлеліне сенімсіздік танытты.  

"Бізде өндірісті жандандыруға, бағаны өсірмеуге ықпал ететін қаншама мүмкіндік бар, бірақ оның бәрі жұмыс істемейді, өйткені, жергіліікті әкімшіліктер тарапынан қатаң бақылау жоқ. (...) Бәрі жүйелі шара қолданудың орнына, біздің кейбір әріптестер қызметке ие болғаннан кейін базарға барып, тексеруді ғана жақсы көреді. Сөйте тұра, олар келгенде базардағы бағалар басқадай, кеткеннен кейіп өзгеріп кететінін жақсы біледі. Мұндай беделқұмарлық бізге ештеңе бермейді. ", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-министр отандық өнім бағасына назаар аударды. Ол әлемдік нарықтың қымбатшылық жағдайымен түсіндіруге келіспейтінін айтады.

"Күлкілі аздап, -деп премьер Ұлттық экономика министріне қарады. – Бәрі жеңіл-желпі. Бәрі жер бетінде. Егер сіз электроэнергия туралы айтып тұрсаңыз, дұрыстап жазыңыз: өнімнің қай түрі қаншалықты электроэнергияны қымбаттатады.  Реттегіштер өздеріңде бар. Жанар-жағар май былтыр қымбаттааған, биыл емес. Ал, қазір жанар-жағар май әсер етті дейсіңдер. Аскар Исабекұлы, (Мырзахметов, ауыл шаруашылық министрі), Сіздің жетекшілігіңізбен ай соңында жүйелеп, қабылдап, келесі отырыста қандай шара қолданып, одан қандай нәтиже күтілетінін айту керек".



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!