Емханаларда педиатрлар қабылдауы қайта басталады - Дүйсенова

Фотография - Емханаларда педиатрлар қабылдауы қайта басталады - Дүйсенова

Фото: today.kz

ҚР ДСӘДМ басшысының айтуынша, медициналық жоғары оқу орындарда педиатрия факультеттері жабылған жоқ.

387 0

Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін педиатрлар қабылдауы қайта басталады. Бұл туралы Үкімет отырысын қорытындылауға арналған брифинг кезінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды Today.kz.

«Педиатрия факультеттері жабылған жоқ. Егер медицина саласының білім беру жүйесі, жалпы қарасаңыз, ол екіге бөлінеді. Алғашқы негізгі бағдарлама бойынша жаппай барлығы мамандыққа бөлінбей оқып шығады. Кейін мамандықтарға бөлінеді.  Біз биыл педиатрлар мен магистранттарға арналған бағдарламаны қеңейттік. Сондықтан, педиатрия факультеттері жабылды деп айту дұрыс емес. Мәселе денсаулық сақтау мекемелерінде қаншалықты педиатрлар жетіспейді, олар балаларды қаншалықты жиі қабылдайды деген сұрақта болып тұр. Бірақ, бұл негізі көбірек ұйымдастыру мәселесіне жатады», - деді Дүйсенова.

ДСӘД министрі жыл соңына дейін емханаларда педиатрлар қайта қабылдай бастайтынын айтты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!