Алмазбек Атамбаев елін телефон арқылы басқарып жатыр

Фотография - Алмазбек Атамбаев елін телефон арқылы басқарып жатыр

Фото: ©Арман Мұқатов

Қырғыз Республикасының Президенті әлі ауруханаға жатқызылған жоқ

328 0

Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев елін телефон арқылыы басқарып жатыр. Бұл туралы Today.kz тілшісіне ҚР Президент аппараты ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі айтты.

"Оның жағдайы қанағаттандырарлық. Бүгін таңертен ол өзінің аппаратының бастығы Фарид Ниязовқа бірқатар тапсыырма берді. Оны ауруханаға жатқызу туралы әңгіме болған жоқ. Одан әрі қалай емделетіні туралы дәрігерлер бақылауынан кейін хабардар етуіміз, мүмкін", - деп хабарлады Алмазбек Усенов.

Естеріңізге салайық, 19 қыркүйек күні Түркиядағы Ататүрік атындағы әуежайда, қырғыз делегациясы АҚШ-та өтетін БҰҰ-ның 71 cессиясына ұшқалы тұрған кезде, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев өзін нашар сезініп, жүрек тұсы ауырып тұрғанын айтады. Алғашқы тексеру оның жүрегінде ақау барын анықтады деп оның баспасөз қызмееті хабарлаған болатын. Дәрігерлер оған тексерілу керектігін айтып, кеңес береді. Осыған байланысты ол қыркүйектің жиырмасынан бастап демалыс алды. Шамамен бірінші қазанға дейін созылмақ. Түркияның БАҚ мәліметі бойынша, ол тексерістен өтіп болған, қазір Стамбулдағы қонақүйлердің бірінде жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!