Емшіге емделіп, қайтыс болған сәбидің туғандары наразы емес

Фотография - Емшіге емделіп, қайтыс болған сәбидің туғандары наразы емес

Көрнекі сурет

Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалмайды

438 0

Емшіге емделген 11 айлық баланың өліміне қатысты қылмыстық іс жоқ. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД  баспасөз қызметі хабарлады. Сәбидің ата-анасы арыз жазбаған.  

«Әл-Фараби аудандық ІІБ сәбидің қайтыс болғаны тіркелген. Бірақ, оның ата-анасынан полицияға арыз жазған жоқ. Қазір оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Осы факт біріңғай реестрде тіркелген, бірақ туғандарында наразылық талап болмағандықтан, қылмыстық іс қозғалған жоқ»,-деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

ІІД баланың ата-әжесінің қолында болғанын растап отыр. Сәбидің анасы басқа қалада жұмыс істейді. Бұған дейін атасы баласын Жетісайдағы емшіге апарғанын айтқан едік. Қайтар жолда тыныс алу жолдары ауыратын сәбидің жөтелі асқынып, дәрігерлер келгенше қайтыс болған. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!