Ақтауда зорланған алты жасар қыздың анасы Астанаға келді

Фотография - Ақтауда зорланған алты жасар қыздың анасы Астанаға келді

Викторияға шоу-бизнес жүлдыздары мен олимпиада чемпиондары сыйлаған ойыншықтар.

Алтыжасар Викторияның анасы ауруханадағы қызына кіріп шықты.

792 0

Педофилдің құрбаны болған алтыжасар Викторияның анасы Астанаға келді, -деп хабарлайды Today.kz.  Бұл туралы оның әжесі Анжелика Насирова айтты. Қыздың анасы Ұлттық ғылыми орталықта емделіп жатқан қызына кіріп шықты. Белгілі болғандай, анасы Ресейде ем алып жатқан. Осы күнге дейін ол қызына не болғанын білмеген, туыстары оның еміне бөгет жасамау үшін оқиға туралы айтпаса керек. Туғандары оны емдей алатын дәрігерлерді іздеп жатыр.

«Біз жақсылық болады деп үміттенеміз, бірақ оның болашағы туралы болжам өздеріңіз естігендей болып тұр. Қазір оны емдей алатын дәрігерлермен хат жазысып жатырмын. Олардан жауап күтіп отырмын», - дейді Анжелика Насирова.

Естеріңізге салайық, Викторияның туғандары дәрігер іздеп Андрей Малаховқа дейін хабарласқан. Сонымен қатар, өздері бірнеше шетелдік емханалармен байланыс ұстап отыр. Туғандары шығынды өздері өтеуге дайын.

Викторияны Ақтауда 20 тамызда ұрлап әкетіп, зорлап тастаған болатын. Сәбиді қансырап жатқан жерінен полицейлер тауып алды. Оны бірден балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызған еді. 27 тамыз күні ол Астанадағы Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығындағы анестезиология және жансақтау бөліміне ауырылды. 6 қыркүйек күні полицейлер оны зорлаған күдікті қолға түскенін хабарлады. Сот-геномдық сараптама оның қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. 15 қыркүйек күні Викторияны қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті. Шара Виктория емделіп жатқан Ұлттық ғылыми орталықта болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!