Ұлттық банк проблемалық ипотекаларды әкімшіліктерге сатып алуды ұсынды

Фотография - Ұлттық банк проблемалық ипотекаларды әкімшіліктерге сатып алуды ұсынды

Көрнекі сурет

Жаңа жобаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды жалғыз баспанасынан айырмау.

365 0

Жергілікті атқарушы органдар банкте кепілде тұрған үйлерді жеңілдікпен сатып алып, оны иелеріне пайызсыз қайтара алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің сыртқы коммуникация және қаржы қызметін тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқармасының бастығы Александр Терентьев Алматыдағы ипотека тұтынушыларымен кездесуі кезінде мәлімдеді,- деп хабарлайды Today.kz.

«Бағдарламаның мәні сол, мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен халық үшін 20-дан 30 пайызға дейін қарыз алады, нақты көлемін мен білмеймін, қазір есептеліп жатыр. Баспана әкімшілік балансында болады. Оның пайызы болмағандықтан, қарыз көлемі азаяды. Мысалы, қарыз алушы баспананың нарықтық көлемі  10 миллион теңге деп келісім-шарт жасайды, кейін ай сайын жиырма бес мың теңгеден отыз жыл бойы төлейді», – деді Александр Терентьев.

Тереньтевтің түсіндіргені бойынша, жаңа жобаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын жалғыз баспанасынан айырмау. Ол бағдарлама негіз болу үшін несиесі бар адамдардың тізімін жасауды ұсынды. Қазір Ұлттық банк осы мәселені реттейтін заңнаманы әзірлеу үшін құрамына қоғамдық ұйымдар мен банк өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрғалы жатыр.

«Біз мұндай шараны 2015 жылы ұсынған болатынбыз, бірақ ол кезде бұл қолдау тапқан жоқ. Қазіргі басшымыз Данияр Әкішев әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар біздің басты назарымызда болатынын айтты. Көп балалы отбасылар баспанасын жоғалтады деген қауіп жоқ», –  деп атап өтті Терентьев.

Кездесу барысында ипотека тұтынушылары доллар курсына қатысты айырмашылықты алып тастауды талап етті. ҚР Ұлттық банк өкілі несие алушыларды 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін ешкім пәтерден қуылмайтынын, барлық әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қорғауға алынатынын айтты.

«Біз бағдарламаны өзгертеміз, тұтынушыларды қолдап жатырмыз. Ұлттық банк, әкімшіліктер, банктер мен қоғамдық   проблемалық ипотекасы бар несие алушылардың өтеу барысындағы мәселесін нәтижелі шешу туралы меморандумға қол қойдық. Қайта қаржыландыру жөніндегі комиссия құрылды. Осы мақсатқа 130 миллиард теңге бөлінді, 24 мың өтініш түсіп, оның 18 мыңы қаралды», – дейді Терентьев.

Естеріңізге салайық, 20 қыркүйек күні қазақстандықтар Ұлттық банкке мобильді қосымша арқылы сұрақ қоя алатыны белгілі болды. Бұл туралы қаржы мекемесінің төрағасы Данияр Әкішев мәлімдеді.

 25 сәуір күні «Халықты баспанамен қамты» қоғамдық ұйымның ипотекалық несие алушылары үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

19 сәуір күні несие алушылар ІІД ғимараты алдында рұқсатсыз митинг өткізген болатын. Олар құқық қорғау органдары ипотекалық несие алғандардың үстіне жалған айып тағып жатқанын мәлімдеген еді. Сұлубике Жақсылықова өзінің және тағы екі адамның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды талап еткен еді. Сол кезде Рустам Әбдірахманов бұл іске таяуда нүкте қойылатынына уәде берген еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!