Түрмелерде терроризм мен экстремизм идеясы тарап жатыр - ҚР ҰҚК

Фотография - Түрмелерде терроризм мен экстремизм идеясы тарап жатыр - ҚР ҰҚК

Фото: today.kz

Арнайы қызметтегілер радикалды идеологияны шетелдік теологиялық оқу орындар түлектері мен студенттері таратып жатқанын айтады.

432 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті проблеманы шетелдік теологиялық оқу орындар түлектері мен студенттерінің радикалды идеологияны таратуынан көріп отыр. Осындай ойымен «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алып, жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты тақырыптағы  дөңгелек үстел басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті тқрағасының  орынбасары Нұрғали Білісбеков бөлісті, - деп хабарлайды Today.kz.

«Радикалды идеологияны шетелдік теологиялық оқу орындар түлектері мен студенттерінің таратуы осы күні өзекті мәселе болып қалып отыр. Осыған байланысты дін істеріне жауапты орган отандық  теологиялық білім ордасы «Нұр» университетінде рухани білім алудың балама мүмкіндіктерін түсіндіріп жатыр», - деп атап өтті Білісбеков. 

Ол ниеттілердің басым бөлігін қамту мақсатында осы университетке мемлекеттік грант бөлу туралы бастама жасалғанын айтты. 

«Қажылық жасау мүмкіндігін қазақстандық жастар шетелден білім алу үшін пайдаланады. Сондықтан, қажылықты тек тіркелген діни ұйымдар арқылы іске асыру ұсынылды», - деді Білісбеков. 

ҰҚК өкілдерінің пікірінше, тағы бір өзекті мәселе – ол түрмелерде терроризм мен экстремизм идеологиясының таратылуы. 

«Экстремизм үшін сотталғандардың өзге бас бостандығынан айрылғандарға ықпал етуіне жол бермеу мақсатында барақ түріндегі колонияларды камералық етіп өзгеру және осындай режимдегі мекемлердің  камераларын көбейту жөніндегі жұмыстар күшейтіліп жатыр»,- деп хабарлады Білісбеков. 

Естеріңізге салайық, 22 қыркүйек күні «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алып, жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты тақырыптағы  дөңгелек үстел басында ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков қазақстанның 45 азаматы халықаралық террористік ұйыымдарға қатысы болғаны үшін экстрадицияланып, депортацияланғанын хабарлады. Сонымен қатар, ол ғаламтор арқылы радикалды идеологияның  тараламауы үшін заң жүзінде   алдын алу шаралары қажет екенін айтады. 

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің пікірінше, қазіргі экстремистік және террористік көріністерге тек күш көрсету арқылы қарсы тұру мүмкін емес, радикалды істердің себебін жою керек.   




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!