ОҚО полициясы бейнежазбада темекі тұтатып жатқан баланың ата-анасын іздейді

Фотография - ОҚО полициясы бейнежазбада темекі тұтатып жатқан баланың ата-анасын іздейді

Фото: instagram/@dudoser

Баланың ата-анасы әкімшілік жазаға тартылады.

684 0

21 қыркүйек күні шымкенттіктердің Instagram-аккаунттарының бірінде баланың темекі тұтатып жатқан сәті түсірілген бейнежазба жарияланды. Қазір оның ата-анасын полиция іздеп жатыр,-деп хабарлайды Today.kz, ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бейнежазба шымкенттік әлеуметтік парақшалардың бірінде пайда болғанмен, оның және ата-анасының осы қала тұрғындары екені анықталған жоқ. Қазіргі уақытта шымкент полицейлері отбасының тұратын жерін анықтап жатыр. Баланың ата-анасы әкімшілік жазаға тартылады»,-деді ОҚО баспасөз қызметіндегілер.

28 секундтық бейнероликте көліктің ішіндегі кішкентай бала аузына темекі салып, оны тұтатуға әрекеттенеді. Баланың өзі тұтата алмай тұрғанын көрген үлкендердің бірі оған көмектеспек болады. Баланың кері айналғанына қарамастан,  жанындағы адам жанын қоймай тұтатып бергісі келеді. Салондағы өзге адамдар бұл сәтке мәз-мейрам болады.

 17 қыркүйек күні же Youtube хостингінде осыға ұқсайтын бейнежазба пайда болды. Оның қайда түсірілгені белгісіз. Алайда, сөйлеп жатқан сөздерге қарағанда қазақстандық балаалар болса керек. Кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекциясы мектеп әкімшілігі мен балаға қатысты шара қолдануы мүмкін. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!