Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына барды

Фотография - Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына барды

фото: ©Арман Мұқатов

Ол өңірдің жұртшылығымен кездесіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саланың және көлік инфрақұрылымының нысандарын аралап көрді.

298 0

Мемлекет басшысы Петропавл қаласына келді, - деп хабарлайды Today.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап. Жұмыс сапары аясында осы өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесіп, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың және көлік инфрақұрылымының бірқатар нысандарын аралап көрді.   

Алдымен, Нұрсұлтан Назарбаев Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратын аралап көрді.  Мемлекет басшысы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңарту барысымен танысты. Елбасыға ұшақты рульмен бағыттау жолағын, перронды, жарық беру жабдығы мен жолаушылар терминалын жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар әуежайды одан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндалды.

Айта кетейік, Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай нормативтік мүмкіндігі бойынша сағатына 200 жолаушы өткізе алады. Аэровокзал ғимаратының жалпы алаңы – 2 400 шаршы метр. 

Бұдан соң Президент «Шағала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты.  Мемлекет басшысына жиын-терін науқанының барысы, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және оны дамыту жолында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. Қазақстан Президентіне Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығаратын ауыл шаруашылығы техникасы үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев механизаторлармен және облыстың жетекші аграрлық компаниялары өкілдерімен әңгімелесті. Кездесу барысында еліміздің тәуелсіздігі жылдары осы салада болған оң өзгерістер жөнінде айтылды.   

«Сіздердің шаруашылықтарыңыз Солтүстік Қазақстан облысының тек қана бидай өндіретін өңір емес екенін дәлелдеп берді. Бұл жерде майлы дақылдардың да барлық түрі жақсы өседі. Бүгінде агроөнеркәсіп секторында негізгі мәселелердің бәрі шешімін тапты. Енді еңбек өнімділігін және өндірілетін өнім сапасын арттыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Елбасыға шаруалар жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді мемлекеттік саясаты үшін алғыстарын білдірді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!