Елбасы СҚО-ындағы әскери өнеркәсіп көрмесінде болды

Фотография - Елбасы СҚО-ындағы әскери өнеркәсіп көрмесінде болды

Қазақстан Президентіне отандық қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндігі мен жоғары инновациялық әлеуеті көрсетілді.

324 0

Мемлекет басшысы көрмеде Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығарған әскери техникамен танысты, - деп хабарлайды Today.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Президентіне отандық қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндігі мен жоғары инновациялық әлеуеті көрсетілді.

Көрмені аралап шыққан соң Нұрсұлтан Назарбаев «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «ЗИКСТО» АҚ әскери-өндіріс кәсіпорындарының инженерлерімен және конструкторларымен әңгімелесті.      

Айта кетейік, кәсіпорындардың негізгі қызметі - әскери техника құрастырумен қатар, электрлік белгі беру жабдықтарын, азаматтық және арнайы мақсаттағы радиостансаларды, мұнай-газ секторы мен энергетика кешені кәсіпорындары үшін өнеркәсіп құрылғыларын, вагондар (ашық вагондар, астық таситын вагондар, платформалар) және  көлік саласы үшін басқа да өнім түрлерін шығару және жаңарту.

Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстанға жасаған сапары барысында осы өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесіп, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың және көлік инфрақұрылымының бірқатар нысандарын аралап көрді.   

Алдымен, Нұрсұлтан Назарбаев Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратын аралап көрді.  Мемлекет басшысы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңарту барысымен танысты. Елбасыға ұшақты рульмен бағыттау жолағын, перронды, жарық беру жабдығы мен жолаушылар терминалын жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар әуежайды одан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндалды. Бұдан соң Президент «Шағала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты.  Мемлекет басшысына жиын-терін науқанының барысы, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көрсеткіштері және оны дамыту жолында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. Қазақстан Президентіне Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығаратын ауыл шаруашылығы техникасы үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев механизаторлармен және облыстың жетекші аграрлық компаниялары өкілдерімен әңгімелесті. Кездесу барысында еліміздің тәуелсіздігі жылдары осы салада болған оң өзгерістер жөнінде айтылды.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!