Елбасы Қостанай облысында шығарылатын электромобильге мінді

Фотография - Елбасы Қостанай облысында шығарылатын электромобильге мінді

Мемлекет басшысының Қостанай облысына жұмыс сапары

469 0

 Мемлекет басшысы өңірдегі ірі кәсіпорындар шығаратын электромобиль үлгілерімен танысты,-деп хабарлайды Today.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап. Электромобиль «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Айта өтейік, қазіргі таңда кәсіпорында 1,5 мыңдай адам еңбек етеді. Қазірдің өзінде кәсіпорын өз тауарын Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Германия, Қытай және т.б. бірқатар елдерге экспорттап жатыр.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және өткізумен айналысатын аграрлық кәсіпорын қызметімен, сондай-ақ егін алқабының жай-күйімен де танысты.

Қазақстан Президентіне Қостанай облысындағы астық жинау науқаны мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Фото -

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерімен әңгімелесті.

«Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарын ең көп көлемде шығаратын өңір болып саналады. Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуін жалғастыра береді. Осы саланы ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін ескеріп, озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.      

Аграрлық сала еңбеккерлері Қазақстан Президентіне өңірге жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп отырған тиімді саясаты үшін алғыстарын білдірді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс пен зор табыс тіледі. Сонымен қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына барды. Мемлекет басшысы кондитерлік фабрикадағы бисквит цехы өндірісінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпорынның басымдығы бар жобалары мен дайын өнім үлгілері Елбасы назарына ұсынылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!