Алматы облысында жоғалып кеткен үш ағайындыға іздеу жарияланды

Фотография - Алматы облысында  жоғалып кеткен үш ағайындыға іздеу жарияланды

Жоғалғандардың әкесі Тұрсын Әмірбайұлы. Кадр: ktk.kz

Олар Ұзынағаш ауылында 40 бас мал сатқаннан кейін жоғалып кеткен

870 0

Алматы облысында мал сатқаннан кейін жоғалғандарды полиция іздеп жатыр,- деп хабарлайды Today.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Із-түссіз жоғалып кеткендерді іздеу шаралары Жамбыл ауданында ұйымдастырылды. Әздеу шараларына барлық күштер тартылды. Оларды облыстың да, ауданның да полицейлері іздеп жатыр»,- деп Алматы облысы ІІД-ндегілер хабарлады.

Естеріңізге салайық, қыркүйектің 23 күні Алматы облысында жұмбақ жағдайда үш ағайынды жігіт жоғалып кетті. Бір апта бұрын Жарқынбек, Мұқият пен Қалдыбек Ұзынағаш базарына мал сатуға кетіп, үйге оралған жоқ. Біраз уақыттан кейін Алматы – Астана жолынан олардың бір жүк көлігі табылды. Жанып кеткен көліктен полиция ешқандай ізге шыға алммады. Ал, таяуда көрші ауылдан олардың екінші бүлінбеген көлігі табылды. Соңғы рет жоғалғандар әкесімен байланысқа 18 қыркүйек күні шыққан. Көрген адамдар олардың үш көлікпен тау жаққа аттанып бара жатқанын байқаған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!