Астанада автобус жолағымен такси де жүретін болады

Фотография - Астанада автобус жолағымен такси де жүретін болады

Фото: today.kz

Сонымен қатар, қаланың таксилері аялдамаларды тұрақ ретінде қолдана алады.

397 0

Ресми тіркелген таксилерге автобус жолақтарымен жүруге және түнгі уақытта аялдаманы тұрақ ретінде пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл туралы «Астананың көлік кешенін дамыту» атты конференция барысында «Астана LRT» ЖШС жолаушы бөлімінің жетекшісі Бейбіт Есжанов, - деп Today.kz.

Ресми түрде Астанада сегіз таксометрлік мекеме тіркеліп, олар жолаушы көлігі басқармасымен келісім-шартқа отырған. Бірақ, бұл келісімдер негізінен формальді рәсімделген. Қазіргі уақытта такси қызметін жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Бірінші кезекте, олардың барлығымен келсім-шарт жасалады. Қазір бес құжат министрлікте бекітілуге жіберілді. Біз алдымен бар такси операторларына тиісті жағдай жасауымыз керек. Инфрақұрылым бойынша, біз оларға 300-ден аса тұрақ әзірлейміз. Біз оларды ЭКСПО басталмай тұрып, іске асырамыз. Біз Bus lane (автобустарға арналған жолақ)  жолақтарын іске қостық, енді такси де сол жолмен жүре алады, бұл әлемдік тәжірибе. Түнде олар аялдамаларда тұрақтай алады, бұл да әлемде жиі қолданылатын әдіс», - деді Бейбіт Есжанов.

Оның айтуынша, ресми тіркелген такси мекемелерін дамытуға қатысты тоғыз немесе он екі шара қолға алынбақ. Сонымен қатар, осы ресми тіркелген таксилерге ғана әуежай және вокзал маңында қызмет атқаруға рұқсат беріледі.

«Біз оларға ТЖ вокзалы, әуежай, сауда үйлері, мемлекеттік маңызды  инфрақұрылымдық нысандардың маңында қызмет жасауға рұқсат береміз. Сонымен қатар, олар мемлекеттік маңызды мерекелерде халық көп жиналатын жерлерде жұмыс жасай алады. Барлық мерекелік шара өтетін жерлерге өту үшін рұқсат беріледі. Бұл – халық пен нарықтың таңдау жасауына ықпал етеді», - деп баса айтты Есжанов.

Сонымен қатар, ол Астанада ресми түрде 400  көлік такси ретінде тіркелгенін, ал халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін 3400 көлік қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты қалалық біріңғай такси қызметін құру мақсатында екі мың отандық көлік сатып алу қарастырылған, оның 500-і осы жылдың ішінде алынады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!