Жаяу жүргіншіні соғып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Фотография - Жаяу жүргіншіні соғып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Фото: today.kz

Айыпталушының анасы көмек ретінде екі миллион теңге ұсынған

6741 0

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы тамыздың отызы күні «Бәйтерек» монументі қасында ЖКО-на түсті, - деп хабарлайды Today.kz. 18 жастағы Айдана Көпбосынова  Land Rover Discovery 4 көлігімен келе жатып, 28 жастағы Мейіржан Қасымғалиев деген жігітті қағып кеткен.

Зардап шеккен адамның апасы Мерей Ескендірованың айтуынша, жігіт әлі ауруханада жатыр. Оның бас сүйегі зақымданған, миы қозғалған, бірнеше жері сынған.

«Дәрігерлер оған үш ай бойы тұруға тыйым салды, қазір күніне бес минуттан ғана отырады. Оның үнемі басы айналады. Таяуда ағамды соққан қыздың анасы хабарласты. Ол екі миллион теңге көмек ретінде жинап қойғанын айтты, бірақ, мұның бәрі құр сөз болып қалды. Кездесуге шақырды, бірақ біз тек адвокатпен бірге баруға келісеміз. Маған оның сөйлесу мәнері ұнамады. Мүмкін ол Аллах туралы жақсы ниетпен айтқан шығар, бірақ сенім тудыратын адам емес. Мен бұл өте аз ақша екенін, оның шығындарын өтеуге жетпейтінін айттым», – деді Мерей Ескендірова. 

Қыздың айтуынша, Мейіржан Қасымғалиевтің отбасы істі сотқа жеткізіп, кінәлі адамды жазаға тартпақ.

«Заң бойынша жауап берсін, бастысы, тергеушілер істі жауып тастамаса болды. Біз осы туралы қатты мазасызданып жүрміз. Оқиғаның жалғыз куәгері де байланысқа шықпай қойды, қоңырауға да, хабарламаға да жауап бермейді -  бұл бізді алаңдатып отыр»,- деп қосты Ескендірова.

Өз кезегінде Айнұр Тұрсынбаева, зардап шеккен баланың отбасы кез келген көмектен бас тартып отырғанын, бірақ көмек ретінде тек ірі көлемдегі қаражатты қабылдауға дайын екенін айтты.  

«Біз оларға көмектесуге дайынбыз, бірақ олар бас тартып отыр. Басынан бастап, Айдана оны соғып кеткеннен бастап, ол өзі жедел жәрдемді шақырған. Біз күнде ауруханаға келіп отырдық, бірақ кейін олар күзет қойып, бізді кіргізбейтін болды. Баланың отбасы ірі көлемдегі қаражат сұрап отыр. Бірақ, бізде мұндай ақша жоқ. Олар 30 мың доллар сұрайды, осындай қаражат болса ғана адвокаттың қатысуымен кездесеміз, болмаса, мазамызды алмаңдар деп отыр. Біз көмек беруге дайынбыз, күтуші жалдап бергім келді, бас тартты, ақылы палатаға ауыстыруды ұсындық, бас тартты, дәрі мен азық-түлікті сатып алуға рұқсат бермеді. Қызым ауруханаға барып еді, шешесі оған: - "мүлдем келмесін",- депті. Енді заң бойынша жауап береміз, басқа амалымыз жоқ», - дейді  Айнұр Тұрсынбаева.

Айта кетейік, осы жайтқа байланысты Today.kz редакциясы ІІД сұрау салған еді. Оған осы іс бойынша ҚР ҚК 345 бабы (ЖЖЕ немесе көлікті пайданалу тәртібін бұзу) бойынша соталды тергеу басталды. Бірқатар сараптама зардап шеккен адамның емі аяқталғаннан кейін жасалады.

«Land Rover Discovery көлігін басқарып келе жатқан 1998 жылы туған азаматша Ақмешіт көшесімен келе жатып, "Байтерек" монументіне қарсы жерде 28 жастағы Мейіржан Қасымғалиевті соғып кетеді. ЖКО нәтижесінде зардап шккен адам бірнеше жерден жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, Мейіржан Қасымғалиевтің туыстары Астанада тамыздың отызы күні болған ЖКО куәгерлерін іздеп жатыр. Апат Нұржол бульвары мен "Байтерек" монументі жанында "Керуен" ойын-сауық орталығы жағында болған.  Жігіттің миы шайқалып, бірнеше жері сынған,  қазір ол ауруханада.  Зардап шеккен жігіттің апасы айлакерлер сол жерде түсірілген бейнежазбаны сатуға тырысқанын айтады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!