Інілерімді атып тастаған – Алматы облысында өлтірілген үш ағайындының көкесі

Фотография - Інілерімді атып тастаған – Алматы облысында өлтірілген үш ағайындының көкесі

Фото: today.kz

Өлген ағайындылардың балалары кінәлілерге өлім жазасын талап етіп отыр.

1126 0

Алматы облысында малдарын сатқаннан кейін өлтірілген үш ағайындының туыстары кінәлілерге қатаң жаза, ал балалары өлім жазасын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Today.kz. Қаза болғандардың ағасы Адал Дарылхан, оның інілерін белгісіз біреулер атып тастағанын айтады.

«Белгісіз біреу келді де, малды сатып алатынын айтып, бір уақытта біраз уақытқа дейін жоғалып кетеді. Сосын олар басқа біреуге сатпақ болады. Сол уақытта жаңағы адам келіп, келісім әлі күшінде екенін айтады. Сосын олар туғандарына хабарласып, малды Қордайға апаратын болып келіскендерін айтқан. Олар жаңағы адамды танымайды. Меніңше, мұндай қылмыс үшін оларға барынша қатаң жаза қолдану керек. Жаңағылар оларды атып, құмға көміп тастаған»,- деді Адал Дарылхан.

Адал Дарылханның айтуынша, осы үш ағайындының артынан, бұрын БАҚ хабарлағандай тоғыз емес, сегіз бала қалған.  

Естеріңізге салайық, Алматы облысында қыркүйектің 23 күні үш ағайынды жоғалып кетеді. Жарқынбек, Мұқият пен Қалдыбек малды сату үшін Ұзынағаш базарына кетіп, үйге оралмады. Оларды полиция бір апта бойы іздеді. Біраз уақыт өткеннен кейін Астана – Алматы трассасы бойынан олар мал тасыған жүк көлік табылды. Өртенген көліктен полицейлер ешқандай ізге түсе алмады. Кейін көрші ауылдан екінші көлік табылды. Бірақ, қожайындары табылмайды. Соңғы рет олар әкесімен 18 қыркүйек күні байланысқа шығып, малды сатқандарын, бірақ ақшаны әлі алмағандарын айтады.  Ауыл адамдары олардың үш жеңіл көлікпен тау жаққа кетіп бара жатқанын көрген. Оларды табу үшін ІІД барлық күші жұмылдырылған еді. 24 қыркүйек күні олардың өлі денесі табылды. Үшеуінің де денесінде қинап өлтірілгенін айғақтайтын іздер қалған.

Осы іске байланысты ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті екі адам ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Тергеу Алматы облысы ІІД жетекшісінің бақылауында. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!