Прокурор Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрайды

Фотография - Прокурор Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрайды

Фото: today.kz

ҚазТАГ агенттігінің бас директорын алты жылға жалпы режимдегі колонияға тоғытуды сұрады.

470 0

Сот процесі кезінде мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрақбаев Сейітқазы Матаевты алты жыл сегіз айға жалпы режимдегі колонияға қамауды сұрады.

«Сейітқазы Матаевты алты жыл сегіз айға қамап, оның дүние-мүлкін кәмпескелеп, үш жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуды сұраймын»,-деді прокурор Ержан Құрақбаев.

КазТАГ агенттігінің бас директоры үшін прокурор алты жыл жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп, үш жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуды сұрады.

Осыдан бұрын аталған іс бойынша куәгер болып өтіп жатқан байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің бұрынғы төрағасы Болат Берсабаев пен бұрынғы орынбасары Бек Арпабаев сөз алған еді. Олар байқаудың қалай өткені және ұрлықтың қалай жасалғаны туралы айтып берді.

Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевқа ҚР ҚК 190 бабы (аса ірі көлемдегі айлакерлік), 245 бабы (салық төлеуден жалтару) бойынша айып тағылып отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!