25 жылдыққа баспана мен әлеуметтік нысандар уақытында берілуі тиіс - Сағынтаев

Фотография - 25 жылдыққа баспана мен әлеуметтік нысандар уақытында берілуі тиіс - Сағынтаев

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Премьер-министрдің айтуынша, 25 жыл ішінде миллионнан аса отбасы баспаналы болған.

472 0

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы барлық салынып жатқан нысандар дер кезінде тапсырылуы тиіс. Бұл туралы Астанадағы Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы ішінде милионнан аса отбасы баспаналы болды, 1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау мекемесі салынды. Сондықтан, жиырма бес жылдықты дұрыстап тойлау үшін барлық нысандарды тапсырып, жұмыстың аяқталғаны туралы тұрғындарға есеп беруіміз керек. Мен құрылысты аяқтауға біздің мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын», - деді Сағынтаев.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевқа бағыттыған сөзі барысында премьер әкімдіктер, мүмкін, облигациялық қарыздан «дұрыс» бас тартып отырғанын, өйткені жыл соңына дейін аз уақыт қалғанын атап өтті.  

Осыған байланысты Сіздің қаражатты одан әрі шашпай, қалғанын қайта бөлу туралы айтқан ұсынысыңыз туралы ойлану керек.  Мүмкін, қазір біз қарастырып жатқан бағдарламаға аударармыз. Келесі аптада Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық әріптестігі форумы өтеді, оған облыстар мен Астана, Алматы басшылары қатысады. Мүмкін «Нұрлы жер» бойынша жеке жиналыс өткіземіз. Мен әкімдердің осы мәселеге дайындалып келуін сұраймын, мәселені шешуге қатысты материалдар сізде бар», - деді Сағынтаев.

Осыған дейін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев, әкімдіктер несиеге салынатын баспанаға қатысты облигацияларды шығаруды бәсеңдеткенін мәлімдеген еді. Оның сөзіне жүгінсек, осы мақсатқа жергілікті әкімдіктерге 41,7 миллиард теңге қарастырылған. Іс жүзінде облигация 38,2 миллиард теңгеге шығарылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!