Қапшағайдың басы жанжалда қалған әкімі қызметтен босатылды

Фотография - Қапшағайдың басы жанжалда қалған әкімі қызметтен босатылды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды.

None

417 0

Басы жандалда қалған Қапшағай әкімі Сәтжан Кікімов қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің кадр бөлімі хабарлады.

«Құжатқа қол қойылды. Оны қыркүйектің 27 күні қызметтен босатты», - деді кадр бөліміндегілер.

Осыған дейін ғаламторда Қапшағай әкімі Сәтжан Кікімовтің жасырын бейне камераға дөрекі тәртібі жазылған бейнетаспа жария етілген еді. Автор қала басшысы халықты сыйламайтынын жазып қойған. Осы мәселе бойынша, тілшіміз әкімнің өзіне хабарласқан еді. Сол уақытта ол құқық қорғаушымен «сен» деп сөйлескені үшін кешірім сұрауға дайын екенін айтты.

Қыркүйектің 6 күні жағдайды Алматы облысы әкімдігі бақылауға алғаны, ал қала басшысының тәртібін этика жөніндегі кеңес қарастыратыны белгілі болған еді. Қыркүйектің  23 күні әкімнің жұмыстан кету туралы арыз жазғаны тураалы ақпарат тараған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!