Депутаттар Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферт көлемін азайтуды құптады

Фотография - Депутаттар Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферт көлемін азайтуды құптады

Көрнекі сурет

Жаңа заң жобасы сенатқа жөнелтілді.

411 0

Депутаттар Ұлттық қордан бөлінетін кепілді транферттің көлемін азайтуға қатысты заң жобасын қолдады,-деп хабарлайды Today.kz. Мәжіліс депутаттары «2016-2018 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін кепілді трансферт» туралы заң жобасын Сенатқа жолдады.

«Кепілді трансферттің көлеміне өзгеріс енгізу керек. Осы жылы бюджет қаржысы жоспардан тыс артық толығуына және Ұлттық қордың қаражатын сақтау мақсатында одан бөлінетін қаражаттың көлемін екі триллион 880 миллиард теңгеден, екі триллион 479 миллиард теңгеге дейін қысқарту қарастырылған», - деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!