Алматы облысында өлі табылған солдат хат қалдырып кеткен

Фотография - Алматы облысында өлі табылған солдат хат қалдырып кеткен

Фото: today.kz

Соталды тергеу басталды.

957 0

 Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімде сарбаздың денесі табылды, - деп хабарлайды Today.kz. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қатардағы сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға қазан айының екісі күні болды.

«Әскердегі борышын атқару кезінде сарбаз С. Вербицкий өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнында оның өлім алдындағы хаты табылды. Онда сарбаз ешкімді айыптамайтынын айтқан», - дейді министрліктегілер.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы фактіге қатысты соталды тергеу бастады. ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Вербицкий әскерге 2016 жылдың мамырында шақыртылған.

Естеріңізге салайық, қыркүйектің 28 күні Алматы облысында әскерилерге қатысы бар тағы бір оқиға болды. Қапшағайдағы әскери бөлімнің бір сарбазы әскерлесінің бір соққысынан қаза тапты. Оқиға шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде болса кереек. Бұрыннан әскерде жүрген Н. Оразгалиев пен жаңа келген кіші сержант Ж. Рамадин арасында қақтығыс шыққан.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!