Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Фотография - Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі.

759 0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Today.kz, ҚР МСМ сайтына сілтеме жасап.

Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері және оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогигалық институтының оқытушысы болып қызмет етті. ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитетінің төрайымы болды.  2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметін атқарды. 

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция және фортепиано мамандықтары бойынша түлегі. Көптеген музыкалық туындылардың авторы, олардың ішінде «Ел бақыты», «Apple of Peace», «Көкжал»кантатысы, «Толғау», «Дала сыры» және «Жәмиля», симфониялық поэмаларының, «Аспан көші» екі актілі балеті, «Алатау» пьесасы, «Соңғы сезім», «Тұзды шөл», «Абай», «Еңлік-Кебек», «Абылайхан», «Естайдың Қорланы», «Гамлет», «Қорқыттың көрі», «Сыған серенадасы» секілді спектакльдерге музыкалық туындылардың, фильмдер мен сериалдарға саундтректердің және т.б. авторы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!