Жалған терроризм үшін сотталған мұғалімнің анасы сот үкімі алдында қайтыс болды

Фотография - Жалған терроризм үшін сотталған мұғалімнің анасы сот үкімі алдында қайтыс болды

Фото: today.kz

Бұл туралы мұғалім Юрий Пак журналистерге сот үкімінен кейін айтты.

952 0

Жалған террорзм үшін сотталған мұғалімнің анасы сот үкімі шықпас бұрын қайтыс болды, - деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы кінәлі деп танылған физика мұғалімі сот үкімінен кейін айтты.

«Кеше анам қайтыс болды. Алла қаласа, ертең өзім жерлеймін»,- деді Юрий Пак.

Осыдан біраз бұрын, жалған терроризм үшін сотталған мұғалімнің анасы қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды.

Айта өтейік, Қарағандыда физика пәнінің мұғалімін жалған терроризм үшін екі жылға соттады. Қарағандының Қазыбек би аудандық соты педагогты екі жыл бойы жалпы режимдегі колонияда ҚР ҚК 273 бабы бойынша жазасын өтеуді тағайындады.

Үкімді шығарған кезде физика пәні мұғалімін қолдау үшін бүкіл мектеп оқушылары келді.

Естеріңізге салайық, Қарағандыда мұғалім өзінің мобильді телефоны арқылы «ЦУМ-ға» мина қойылды деп қоңырау шалғанын жоққа шығарды. Айыпталушы Юрий Пак оның ұялы телефоны оқиға болған кезде сөмкесінде болғанын айтады. Айта өтейік, белгісіз біреудің қоғырау шалғаны автоматты бағдарлама арқылы жазылып алынған және негізгі дәйек болып есептеледі.  Тергеу фоноскопты сараптама нәтижесіне сүйеніп отыр.

Юрий Пактың жұбайы істе оның кінәлі еместігі жөніндегі тікелей дәйектер ескерілмей отырғанын айтады.

Сонымен қатар, 101TV.kz телевидениесінде сотталған мұғалімнің соңғы сөзі пайда болды. Ол тағы да өзінің кінәлі еместігі туралы мәлімдейді. Оның пайымдауынша, тергеу бұл іс бойынша толық зерттеу жүргізе алмаған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!