Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа артқан сенімі үшін алғыс айтты

Фотография - Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа артқан сенімі үшін алғыс айтты

Фото: ©Арман Мұқатов

Ақордада екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті.

470 0

Ақордада екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтті, - деп хабарлайды Today.kz. Тараптар  қазақстандық-ресейлік қатынас мәселелерін талқылап, екі елдің ірі бизнесмендерінің қатысуымен өтіп жатқан Ресей-Қазақстан бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті.

«Сізді, Владимир Владимирович, Госдума сайлауын сәтті өткізуіңізбен тағы құттықтағым келіп отыр. Сізді көргеніме қуаныштымын. Мен сіздің қолыңыз босамайтынын білемін, бірақ сайлау өткеннен кейін кездесіп, өзекті мәселелерді енді талқылауға болады деп білемін. Бұл кездесу өте маңызды. Сізге қолдағаныңыз үшін  алғыс айтамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Путин де өз кезегінде Мемлекет басшысына форумға шақырғаны үшін алғысын айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынас стратегиялық маңызды екенін атап өтті.

«Сізге сенім артқаныңыз үшін алғыс айтамын. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форумға Ресейден келген 900, делегация құрамындағы 400 адам қатысып жатыр  – бұл үлкен десант. Мен кеше Орынборда қарапайым халықпен кездестім, олар Қазақстанмен тікелей жұмыс жасайтындықтарын айтты. Бұл мені қуантты. Иә, шешімін талап ететін сұрақтар бар, бірақ өмір жүріп жатыр. Екі жақты қызығушылық бар, біздің компаниялар Қазақстанға өнім береді, Қазақстаннан алады, оның ішінде жоғарғы технологиялық әріптестік те бар. Сіз таңдаған көліктік-логистика инфрақұрылымын дамыту тақырыбы осы күні экономика саласының дамуына жағдай жасау үшін өте өзекті. Жалпы сауда айналымының жетпіс пайызы шекаралық, аймақаралық сауданың үлесі екенін ұмыптағанымыз жөн»,- деді Ресей басшысы. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!