«Апрель» дүкені Астана тұрғынына 200 мың теңге моральдік шығын төлейді

Фотография - «Апрель» дүкені Астана тұрғынына 200 мың теңге моральдік шығын төлейді

Көрнекі сурет

Сот сауда нүктесінің жетекшісіне санитарлық талаптарға қатысты заңбұзушылықты жою туралы ескерту қағазын берді.

408 0

«Апрель» кулинарлық дүкені Астана тұрғынына 200 мың теңге моральдік шығын төлейді,-деп хабарлайды Today.kz, астаналық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақ Орда Capital" және "Апрель" ЖШС-теріне қатысты Астана қаласы тұрғынының «агрегаттың орнатылуын заңсыз деп мойындау және моральдік шығын өтеу» туралы арызы Сарыарқа аудандық сотында қаралды. Сотта анықталғандай, арыз беруші – осы «Апрель» сауда-кулинарлық кешені орналасқан үйдің тұрғыны.

«Арыз беруші өзі тұратын үйдің жертөлесінде орналасқан аталған мекеме желдеткішінің дауысы тым қатты, салдарынан пәтерде тұрып, өмір сүру қиынға соғатынын айтқан. ҚР ҰЭМ тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің хатына сай, шын мәнінде "Ақ Орда Capital" ЖШС тарапынан шектен тыс дауыс шығаратын құрылғы орнатылғаны анықталды»,- деп ақпарат берді соттағылар.

Сот арызданушының талабын қанағаттандырып, "Апрель" ЖШС-гін оған 200 мың теңге көлемінде моралдік шығын төлеуге міндеттеді. Заңбұзушыға сот санитарлық талапты орындау туралы ескерту жасады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!