Астаналық екі баланың әкесін сайын даладан іздеп жатыр

Фотография - Астаналық екі баланың әкесін сайын даладан іздеп жатыр

Фото жеке мұрағаттан

Жұмбақ күйде жоғалып кеткен азаматтың туыстары бақсылардан көмек сұрады.

626 0

Астаналық екі баланың әкесі Ерболат Жақсыгелдинді даладан іздеп жатыр, -деп хабарлайды Today.kz, оның ағасы Сағыныш Жақсыгелдинге сілтеме жасап.

«Ағам өзінің қайда екенін айтып хабарласпады, бірақ бұл оның мінезіне сай емес. Әдетте ол анасына күнде хабарласады, хәлін сұрайды.  Біз сенімді балгерлерге бардық. Олар: «Ағаларың тірі, бірақ ес-түссіз сайын далада жатыр. Сендерде бір-күн ғана бар»,-дейді. Біз оны далада су маңынан іздеп жатырмыз»,-дейді Сағыныш Жақсыгелдин.

Ағасының айтуынша, көмекке тағы екі көлік келеді. Іздеу шараларына қосылу үшін полицейлер Астанадан аттанған.

Естеріңізге салайық, соңғы рет оның көлігін (мемлекеттік номері 076 16-ыншы аймақтың қара көк түсті Mercedes-Benz) Астанадан Қарағандыға шығар жолдан қыркүйектің 21 күні көрген. Ол Астанада әйелі, екі баласымен тұрады. Өзі тепловозда машинист болып істейді. Жоғалып кеткен күні ол демалыста болған. Туғандарының сөзіне қарағанда, Ерболат Жақсыгелдиннің әйелі ауруханада жатыр. Күйеуі оған күн сайын барып тұрған. Ол бұған дейін ешқашан ескертусіз ұзақ уақытқа ешқайда кетіп көрмесе керек.

Соңғы мәліметтер бойынша, оның ұялы телефонының белгісі Қарағанды облысы аймағында тіркелген. Ағасының айтуы бойынша, ол Қарабас немесе Абай аудандарында болуы мүмкін.

Ерболат Жақсыгелдиннің белгілері: денесі ірі, бойы 195 сантиметр, шашы қысқа, толқынды. Басында қара баскиім, қара күртеше, қара шалбар, қара бәтеңке киіп шыққан.

Оның қай жерде екені туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардың мына  телефондарға хабарлаасуын сұрайды: +7 (778) 407 1483 немесе 102.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!