ҚР БҒМ мемлекеттік қызметкерлерді ата-ана жиналысына жіберуді талап етеді

Фотография - ҚР БҒМ мемлекеттік қызметкерлерді ата-ана жиналысына жіберуді талап етеді

көрнекі сурет

ҚР БҒ министрі мемкеттік қызметерлерді мектептегі ата-ана жиналысына қатысу үшін жұмыстан уақытында жіберуді сұрайды.

621 0

Қазақстанда ҚР еңбек кодексі талаптарының орындалуын қадағалау қажет. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды Today.kz.

«Ата-аналар үнемі жұмыста отыратындықтан, бала тәрбиелеу мәселесіне мүлдем уақыттары жетпейді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер көп. Қазіргі уақытта ата-аналар жиналысында барлық оқушылардың небары 12 пайызының ата-анасы ғана жиналысқа қатысады. Біздің есеп бойынша, 11 жыл бойы ата-аналардың 50 пайызы мүлдем жиналысқа қатыспай кетеді. Біз егер жұмысберуші оларды алтыдан кейін уақытында босатып отырса, дұрыс болады деп есептейміз. Мұндай тәжірибе өте қажет. Ата-ананы жұмыста ұстаудың, біздің балалар төлеп жатқан әлеуметтік құны - ауыр. Біз ата-анасы баласына көңіл бөліп, оның тәрбиесімен айналысуы үшін еңбек кодексінің талаптары қатаң қадағалануы керек деп есептейміз. Мұны алдымен мемлекеттік органдардан бастау керек», - деді Ерлан Сағадиев.

Бұған қоса, ол жеткіншектер арасындағы қылмыспен күресудің негізгі жолы - ата-ана тәрбиесі екенін атап өтті.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!