Оны полиция бекетінен елу метр жерде ұрған – ес-түссіз жатқан баскетболшы қызы

Фотография - Оны полиция бекетінен елу метр жерде ұрған – ес-түссіз жатқан баскетболшы қызы

Фото: today.kz

Ойын-сауық мекемесінің әкімдігі оқиға түнгі клуб аумағында болмағанын айтады.

543 0

"Парк Сити" клубында болған төбелестен кейін ес-түссіз жатқан 23 жастағы Игорь Нанаевтің қызы Дарья Тарановская Today.kz редакциясына оның жігітін полиция бекеті маңында ұрып тастағанын айтады.

«Мен, Игорьдің өгей әкесі мен оның жақын достары кеше Өскеменнен Петропавлға келдік.  Төбелес болған клуб полиция бекетінен елу метр жерде орналасқан. Игорьді ұрып жатқан кезде оған ешкім көмекке келмеген. Біз бүгін "Парк Сити" клубына бардық, әкімшілік жоқ. Тек аула сыпырушы ғана бар екен. Ол бізге төбелес болған жерді көрсетті. Камера орналаспаған жер»,-деді Тарановская.

Today.kz редакциясы ойын-сауық мекемесінің әкімшілігімен хабарласты. Олардың мәлімдеуінше, оқиға клуб аумағында болмаған.

«Клубта студенттер көп болды. Билеттерді ұйымдастырушылардың өздері сатты. Біз тек билет пен құжаттарының сәйкестігін ғана тексеріп тұрдық. Төбелес клуб аймағынан тыс жерде болғандықтан, камераға ештеңе түскен жоқ. Спирттік өнімдер тек жасы 21-ден асқандарға ғана сатылды. Клубқа тек кәмелетке толғандар ғана кіргізіледі»,- деді "Парк Сити" клубының әкімшілігіндегілер.

 СҚО денсаулық сақтау басқармасы  Today.kz тілшісіне Игорь Нанаевтың хәлі жайлы айтып берді. Медицина мамандарының айтынша, сырқатты басқа ауруханаға апару туралы айтуға әлі ерте. Өйткені, мамандар қазір оған тиісті емді беріп жатыр.

«Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның болашағы туралы болжам айтпайды. Бас сүйегі мен миы зақымданған, миына қан кеткен, оның өкпесі тыныс алу аппаратына қосулы»,-дейді басқармадағылар.

Естеріңізге салайық, төбелес қазанның үші күні түнгі клубтардың бірінде болған. Дәрігерлер оның миы өлгенін әрі ешқандай тітіркендіру шараларына реакция жасамай жатқанын айтты. Қазір осы іске қатысты ҚР ҚК 106 бабы (қасақана адам денсаулығына зиян келтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті бір адам тергеу изоляторына қамалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!