Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды

Фотография - Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды

Фото: Арман Мұқатов

Осындай жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

605 0

Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды, - деп хабарлайды Today.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ақорда сайтында жарияланған Президент қаулысына сәйкес, жаңа Министрлік қызметіне қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық қызметінің негізгі бағыттары кіреді.

«Жаңадан құрылған Министрлікке:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы;

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін»,-делінген қаулыда.

Сонымен қатар, осы министрлікті құру шараларын ұйымдастыру жұмыстары Үкіметке тапсырылған.

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін, Аэроғарыш комитетін және Мемлекеттік материалдық резервтер комитетін құруды және осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін»,- деп көрсетілген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!