Астана жәрмеңкесіндегі етте сібір жарасы болмайды – Қарағанды облысы басшылығы

Фотография - Астана жәрмеңкесіндегі етте сібір жарасы болмайды – Қарағанды облысы басшылығы

Фото: today.kz

«Мықты аймақ – мықты Қазақстан» акциясы аясында Астанада Қарағанды күндері өтеді.

253 0

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мықты аймақ – мықты Қазақстан» акциясы аясында Астанада өтетін Қарағанды жәрмеңкесінде сатылатын еттің әр келісі сібір жарасына тексеріледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылықты дамыту мәселелері бойынша орынбасары Шағурашид Мамалинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Today.kz

Шағурашид Мамалиновтың мәлімдеуінше, аймақта сібір жарасы тарап кетуі оқиғасынан кейін, барлық ет жіті тексеруден өтеді. «Қарағанды облысында сібір жарасы тараған күннен бастап, тиісті барлық шара қолға алынып, қаншама жиындар өткізілді.  Қазір бір де бір дүкен, бір де бір базар, бір де бір мейрамханаға еттің әр келісін  құжатсыз, сараптама нәтижесінсіз қабылдамайды. Маусым айынан бастап орталық органдар, ветеринарлық қадағалау және бақылау комитеті, ұлттық референттік орталықпен осы сұрақ талқыланып, бір жүйеге қойылған. Сапасы мен оның құжаттары жүз пайыз дұрыс», - деп сендірді Шағурашид Мамалинов.

Аймақтың басшылығы ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңкеге Қарағанды облысынан кәсіпкерлер 71 тонна ет әкелмек. Одан бөлек 250 тонна көкөніс, 36 тонна ұн мен макарон өнімдері сатылады.

Естеріңізге салайық, тамыздың отыз бірі күні Қарағанды облысының үш тұрғыны сібір жарасына шалдыққаны анықталған еді. Үшарал қыстағының екі тұрғыны облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Үшінші сырқат, қасапшы Балхаштың орталық ауруханасында емделді. Бәрі қауіпті инфекцияны сойылған сиыр етінен жұқтырған. Олар тамыздың он алтысы күні сиырды астыртын сойып, сатып жіберген болатын.

Осы оқиғадан кейін Ақтоғай ауданының бірқатар шенеуніктері жұмыстан босатылды.

Қазір Үшарал қыстағының қожайыны ғана ауруханада жатыр. Оның әйелі мен қасапшы сауыққандықтан, шығарылды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!