Бейбіт Атамкұлов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

Фотография - Бейбіт Атамкұлов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

Фото: today.kz

Жарлық Ақорда сайтына жарияланды

431 0

Бейбіт Атамкұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды,-деп хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын»-делінген жарлықта.

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келді. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Санкт-Петербург экономика және қаржы мемлекеттік университетін тамамдады, экономика ғылымдарының кандидаты. 1985 жылдан бастап - А.П. Завенягин атындағы Норил тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы. 1986 жылдан бастап – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, мастер, рафирленген цехтың аға мастері, ОКС жетекші инженері, жетекші инженер, ВЭС бөлімі басшысының орынбасары. 1991 жылдан бастап 2006 жыл бойынша жеке секторда – өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап – Кеңесші, РФ-ғы ҚР Елшісінің Елші-Кеңесшісі. 2007 жылдан бастап – Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшісінің Елші-Кеңесшісі. 2008 жылдан бастап - Франкфурт-на-Майн қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы. 2010 жылдан бастап - Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин Республикасында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012 жылдан бастап – Қазақстан республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы. 2014 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы. 2015 жылдың тамыз айынан баастап ОҚО әкімі.

Естеріңізге салайық, Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Қазан айының алтысы күні Ақорда сайтында жарияланған Президент қаулысына сәйкес, жаңа Министрлік қызметіне қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық қызметінің негізгі бағыттары кіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!