Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Фотография - Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Жарлық Ақорда сайтына жарияланды

640 0

ЖансейітТүймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды,-деп хаабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

«Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын»,-делінген жарлықта.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жыл 8 шілдеде дүниеге келген. 1993 жылдан бастап – ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меңгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Стамбулдағы Қазақстан Республикасының консулдық басшысы болып тағайындалған. 1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының басшысы. 2004 жылдан бастап – ҚР Президентінің кеңесшісі – ҚР Президенті Хаттамасының басшысы. 2006 жылдың 1 ақпанынан – Ресей Федерациясындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылдың 19 қаңтарынан – ҚР Білім және ғылым министрі. 2010 жылдың 7 қазанынан Түркиядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған. 2011 жылдың 3 наурызынан Албаниядағы Қазақстан Республикасы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған.

ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасының Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының бірінші басқарма төрағасы. Ғылым және білім беру қызметімен айналысқан. Ассистент, аға оқытушы, ҚазМУ доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!