Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Фото: today.kz

Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты сот үкімі шықты.

483 0

Медициналық университет студенті Ерасыл Әубакіровтың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды,-деп хабарлайды Today.kz.

Нұрбек Әжімбайдың мүлігі кәмпескеленіп, өзі 20 жыл жазасын өтейтін болды. Виталий Шерстенев 11 жылға, Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров ақпанның 3 күні Астанада жоғалып кеткен еді. Оны бір апта бойы полицейлер мен еріктілер іздеді. Ақпанның 10 күніне қараған түнде оның мүрдесі табылды. Кейін оны қинап жатқаны түсірілген бейнетаспа ғаламтор арқылы тарап кетті. 12 ақпан күні ҚР ІІМ сараптама нәтижесі оны қинап өлтіргенін анықтады. Ақпараттың тысқа шығып кетуіне байланысты соталды тергеу екі рет жүргізілді.

Студенттің өліміне қатысты төрт адам тұтқындалды. Оның бірі Өскемендегі ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев болатын. Алайда, оның әрекеттерінен ешқандай қылмыстық іс табылмағандықтан, ол босатылды.

Айта өтейік, студенттің өліміне қатысты тергеу жарты жыл жүргізіліп, іс бойынша жиналған материал 10 томды құрады. Күдіктілерге ҚР ҚК " қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету", "Заңсыз бас бостандықтан айыру", «адамды қинап өлтіру», «кісі өлтіру», «аса ірі көлемде заңсыз қаражат талап ету» баптары бойынша айып тағылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!