Назарбаевтың баспасөз хатшысы оның хәлі мен жұмыс кестесі туралы айтты

Фотография - Назарбаевтың баспасөз хатшысы оның хәлі мен жұмыс кестесі туралы айтты

Фото: akorda.kz

Осы аптаның соңына дейін мемлекет басшысы ешқандай шараға қатыспайды.

420 0

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Zakon.kz порталына Президенттің денсаулығы мен оның жұмыс кестесі туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Today.kz.

Ол: «Нұрсұлтан Назарбаевтың жоспарлы ем-шара қабылдап жатқаны, әрі оның денсаулығында аса алаңдайтындай ештеңе жоқ»,-деп хабарлады.

Сонымен қатар, Айдос Үкібай оның жұмыс кестесіне аздаған өзгертулер енгізілетінін айтты: "Осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланбаған. Ереванда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының (ОДКБ) отырысына ҚР Премьер-министрі қатысады".

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Назарбаевтың қызметі туралы ақпарат бұдан әрі әдеттегідей хабарландырылып отыратынын айтады.

Естеріңізге салайық, Ақорда сайтында Нұрсұлтан Назарбаев суық тиіп сырқаттануына байланысты емделіп жатқаны туралы ақпарат  жарияланған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!