Қарағанды облыстық прокуратурасының бірден үш қызметкері жұмыстан босатылды

Фотография - Қарағанды облыстық прокуратурасының бірден үш қызметкері жұмыстан босатылды

Фото: today.kz

Теміртау прокуроры, облыстық прокуратура басқармасының бастығы-прокурор орынбасары жұмыссыз қалды, ал облыс прокурорына сөгіс жарияланды.

458 0

Қарағанды облыстық прокуратурасының бірден бірнеше қызметкері жұмыстан босатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Today.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«Бас прокуратураға К. Алпысбаев есімді азамат Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлерінің қылмыстық істер бойынша бақылау жүргізу кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені туралы арыз жазды. Тексеру барысында арызданушының дәйектері расталды. Бірнеше қылмыстық істер бойынша күдіктілердің іс-әрекеттерін бұрмалап тіркеу фактілері анықталды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Заңбұзушылықтар бас прокуратураның тәртіптік комиссиясы отырысында талқыланып, ол жерде Қарағанды облыстық прокурорының орынбасары Рашид Дубаевты, облыс прокуратурасы қылмыстық істердің соталды заңдылығын қадағалайтын басқарма бастығы Алмас Абдақасов және Теміртау прокуроры Біржан Шәулиевті жұмыстан шығаруға кеңес берілді.

«Қарағанды облысы прокурорына тиісті деңгейде ұйымдастыру шараларын қамтамасыз етпегені үшін сөгіс жарияланды»,- делінген Today.kz сауалына берілген жауапта. 

Бас прокурордың кеңестерін комиссия құптады да, 2016 жылдың 10-қазанында аталған қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!