Арыстанбек Мұхамедиұлы намысын сот арқылы қорғайды - ҚР МСМ

Фотография - Арыстанбек Мұхамедиұлы намысын сот арқылы қорғайды - ҚР МСМ

Фото: today.kz

МСМ осындай мәлімдеме жасады.

261 0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Арыстанбек Мұхамедиұлына тағылған айыптар туралы ресми мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Today.kz

«Министр өзінің абыройы мен намысын заң жүзінде ғана қорғайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ-на осы жағдайға қатысты ақпарат беруді сот шешімі шыққанға дейін тоқтатады»,-делінген ресми баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, қазанның 10 мен 11 аралығында екі қыз Мұхамедиұлының жыныстық қатынасқа дәмеленгенін айтып айыптаған еді.  МСМ басшысы мұны жағылған жала деп отыр.

«Бейнежазба түсірген қыздың адвокаттардан кеңес алғаны дұрыс. Қылмыстық кодексте адам намысына дәлелсіз зиян келтіруден қорғайтын бап бар – ол жала туралы бап. Мен өз заңгерлерімді осы бейнежазбаны зерттеп, оған жауап беретін заңды шараларды қолға алуды сұраймын»,-деген еді министр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!