800 адамның төлем карточкасын тонаған екі молдавиялық жазасын әрі өтемейді

Фотография - 800 адамның төлем карточкасын тонаған екі молдавиялық жазасын әрі өтемейді

Фото: today.kz

Сарыарқа аудандық соты ІІД-нің Молдавияның азаматтарын елден шығару туралы арызын қанағаттандырды.

367 0

Қазақстанда сегіз жүз адамның төлем карточкасын скиммер арқылы тонаған екі молдовиялық азамат елден шығарылды, - деп хабарлайды Today.kz.  Сарыарқа аудандық соты ІІД-нің Молдавияның азаматтарын елден шығару туралы арызын қанағаттандырды.  

 «2016 жылы тамыздың 25 күні сотталғандардың бұдан әрі өтелетін жазасы жеңілдетілді. Олар бостандықтан айыру жазасының орнына айыппұл төледі. Сарыарқа аудандық сотының шешімі бойынша Молдавия азаматтары ҚР аймағынан тысқа шығарылды»,-дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.  

Айта кетейік, Молдавияның екі азаматы 2015 жылы маусымның 15 күні Қазақстанға ұшып келіп, қонақ үйлердің біріне тоқтайды. Кейін олар «Керуен» сауда орталығының төменгі қабатындағы «Халық банк» банкоматына скиммер (карточкадағы ақпаратты оқитын электронды құрылғы) орнатады. «Салдарынан 800 адам зардап шекті»,-дейді соттағылар. Полицейлердің айтуынша, ер адамдар скиммерді Кишиневтан «Sony Playstation» құрылғысының ішіне тығып алып келген. Есіл аудандық соты оларды кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандықтарынан айырған еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!