Алматыдағы теракт бойынша соттың алдын ала тыңдау күні белгіленді

Фотография - Алматыдағы теракт бойынша соттың алдын ала тыңдау күні белгіленді

Фото: today.kz

ҚР Бас прокуратурасы соталды тергеуді қазанның 12 күні аяқтады.

350 0


Алматыдағы теракт жөніндегі іс бойынша соттың алдын ала тыңдау күні белгілі болды,- деп хабарлайды Today.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Процесс қазанның 17 күні болады.

«Қылмыстық істің көлемі 61 том. Осы іс бойынша алты адам жауапқа тартылмақ. Оның бесеуі қамауда, Н. Әбдімомын үйқамақта. 23 зардап шегуші, 72 куәгер, алты адвокат қатысады", - Алматы қалалық соты баспасөз қызметіндегілер.

 Руслан Күлекбаевтің өзіне ғана ҚР ҚК 255 бабы "террористік акт", 99 бабының 2 пункті "Екі және олан да көп адамды өлтіру", 24 бабы "Қылмыс жасауға дайындық"; 99 бабының 2 пункті "Өлтіруге әрекеттену"; 192 бабының 4 пункті "Топ болып бұзақылық шабуыл жасау", 287 бабының 4 пункті "Заңсыз қару айналымы", 288 бабының 2 пункті "Заңсыз қару дайындау", 291 бабының 4 пункті "Қару ұрлау", 200 бабының 4 пункті "Көлік ұрлау", 126 бабының 2 пункті  "Заңсыз бостандықтан айыру" бойыынша айып тағылды.

Сонымен қатар, Р. Лю Ж. Сапарбеков Е. Құсайынов, Д. Асембекулы, Н. Әбдімомын деген азаматтарға осы іске қатысты бірнеше айып тағылып отыр.

Естеріңізге салайық, шілденің 18 күні сағат 11:00 куәгерлер Алматының орталығында атыс басталып кеткені туралы хабарлаған болатын. Алмалы ауданы ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Оқиға теракт деп бағаланды. Тергеу болжамы бойынша, қылмыскер жалғыз өзі әрекет еткен. «Күдікті бұрын түрмеде отырған, кейін полицейлерден өшін алғысы келген»,- деп мәлімдеген еді ішкі істер министрі. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!