Депутаттардың сот жүйесіне араласатын құқы жоқ - Дариға Назарбаева

Фотография - Депутаттардың сот жүйесіне араласатын құқы жоқ - Дариға Назарбаева

Фото: ©Арман Мұқатов

None

234 0

Сенатор Юрий Пактің ісі бойынша заңдылықты тексеруге қатысты Бас прокуратураға жазған арызы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Today.kz.

«Депутаттар соттың ісіне араласуына құқы жоқ, бұл биліктің бөлек заң шығару жүйесі. Бірақ, ғаламтордағы, әлеуметтік желідегі, баспасөздегі бір-біріне қарама-қайшы ақпараттың көптігі сонша, мен Бас прокуратураға осы істің заңдылығын тексеруді сұрап, хат жазуды ұйғардым. Енді біз Бас прокуратураның жауабын күтеміз, өйткені ешкім материалдармен жіті таныс емес. Сондықтан, осындай хат пен өтініш жіберілді. Осы күні депутаттың қолынан келетін шаруа осы», - деді Дариға Назарбаева.

Естеріңізге салайық, Қарағандыдағы №86 орта мектептің физика пәні мұғалімі Юрий Пак орталық әмбебап дүкенге мина қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айрылды. Тергеу болжамы бойынша, ол 14-сәуір күні ұялы байланыс арқылы ТЖ департаменті қоңырау шалған. Үш мыңнан аса адам тысқа шығарылып, қауіпті жарылғыш зат табылмады. Юрий Пак өзінің кінәсін мойындамай отыр, ол осы уақытта мұғалімдерге парта тасымалдауға көмектескенін, ал телефоны сөмкесінде жатқанын айтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!