Мемлекеттік нысандарды сату нәтижесін прокурорлар тексереді

Фотография - Мемлекеттік нысандарды сату нәтижесін прокурорлар тексереді

Фото МКҚМ

Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық прокуратураға аукцион нәтижесін тексеруді тапсырды.

326 0

Қазанның он екісі күні Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев коммуналдық нысандарды бәсекелік ортаға беру мәселелері бойынша жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Today.kz қала басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған мемлекеттік коммуналдық казыналық мекемелердің сауда нәтижесі себеп болды.

"Әсет Исекешев осы мәселені тиянақты зерттеп, нысандардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, материалдарды қалалық прокуратураға оның заңдылығын тексеру үшін жіберуді тапсырды. Сонымен қатар, қалалық әкімшіліктің жауапты органдарына жекешелендірілген барлық нысандар бойынша ақпаратты және бұдан кейін өтетін саудалар туралы ақпаратты барынша жақсылап таратуды тапсырды", - делінген хабарламада.

Әкімшіліктегілер қазанның 13 күні әкімнің орынбасары Андрей Лукиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтетінін айтты.

Естеріңізге салайық, қазанның 11 күні «Астана «Көкпар клубы»  небары 198 554 тенгеге сатылғаны белгілі болды. Оны сатқан мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлік басқармасы. Клуб осымен үшінші рет сауда қойылған. Отандық заңнама бойынша, үшіншіде ол голландтың бағасын төмендету әдісі бойынша сатылады. Клуб директоры Болат Шалабаев: «Былайша айтқанда, әр ат жиырма мың теңгеге сатылды. Нарықтағы асыл тұқымды аттың құны бес мың доллар. Оның бір ғана ертоқымы 350 мың теңге тұрады. Бұдан бөлек, клубта қызметтік көлік пен спорт жабдықтары бар»,- деген еді. Клубтың сатылымға қойылғаны туралы ақпарат "Вечерняя Астана", "Астана ақшамы" газеттеріне шыққан. Олардың әрқайсысының тиражы - он мың дана.  Сонымен қатар, клубтың ешқандай қарызы жоқ екені белгілі болды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!