Астанада мектептегі ақша жинауға қарсы ата-аналар үшін жедел желі іске қосылды

Фотография - Астанада мектептегі ақша жинауға қарсы ата-аналар үшін жедел желі іске қосылды

Фото: today.kz

Әр мектеп қабырғасына осы мекеменің шығындары жазылған қағаз ілінеді.

434 0

Мектеп қажеттіліктеріне заңсыз жиналатын қаржыға қатысты арыздар көбейіп кетуіне байланысты Астана әкімінің тапсырмасы бойынша комиссия құрылды, - деп хабарлайды Today.kz.

«Осы мәселе бойынша жазылған әрбір арыз бойынша тексеру жүргізіліп, акті толтырылады, білім ұйымының жетекшісіне қатысты тәртіптік шара қолданылады. Бұл жұмыс қала басшысының жеке қадағалауында болады», - деді қала басшының баспасөз қызметіндегілер.

Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың белсенділері, қалалық мәслихат депутаттары кірген.

Сонымен қетер, барлыық мектептің қабырғасына осы мекеменің шығындары жазылған қағаз ілінеді. «Ақша жинау фактісі анықталған жағдайда немесе мұғалімдер тарапынан кеткен кез келген заңсыздық әрекеттер туралы мына жедел желі номерлеріне хабарласа аласыздар: 55-01-62, 87782550162», - деп қорытындылады Астана әкімшілігінде.

Естеріңізде болса, ақпанның бірі күні Ақтаудағы №6 орта мектепте мұғалімдердің заңсыз ақша жинағаны анықталған еді.

Сәуірдің 27 күні ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептерде заңсыз ақша жинаумен күресетінін мәлімдеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!