Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай халыққа сыйақы беріледі деген ақпарат жалған

Фотография - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай халыққа сыйақы беріледі деген ақпарат жалған

көрнекі сурет

Ғаламторда сыйақы туралы жалған ақпарат тарап кетті.

2569 0

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына орай  қазақстандықтарға сыйақы беріледі деген ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды Today.kz ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Материалдық төлем жайындағы жалған ақпарат ғаламторды жайлап кетті.

«Кейбір әлеуметтік желілер мен WhatsApp арқылы «ҚР Парламенті 2016 жылдың бірінші қарашасынан бастап ҚР тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай, елдің әр азаматына 25 мың теңге сыйақы төлеуге қатысты заң жобасын бекітті» деген ақпарат шындыққа сай емес», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Министрліктің баспасөз қызметі нақты әрі шындыққа жанасатын ақпаратты ведомствоның сайтынан қарауға болатынын еске түсіреді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!