Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады

Фотография - Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады

Ж.Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеді

270 0

Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!