Венгрияда Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды

Фотография - Венгрияда Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды

Фото: yvision.kz

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының әскери қолбасшысының бет әлпеті қандай болғаны биылғы желтоқсанда белгілі болады.

312 0

Венгрияда Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Today.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2016 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайының (ОММ) өкілдері Кейкі батырдың бас сүйегін Будапештке жеткізді.  

"Венгрияның жаратылыстану мұражайында өткен кездесу барысында ОММ директоры Нұрсан Әлімбай бас директор Золтан Коршоштың қолына Кейкі батырдың бас сүйегін ДНК сараптамасын жүргізу және бет келбетін жаңғырту үшін тапсырды. Жаңғырту жұмыстарын мұражайдың антропологиялық бөлімінің жетекшісі Агнеш Куштар жүргізбек. Кездесу аясында Н.Әлімбай 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының әскери қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегі еліне 93 жылдан кейін қайтарылғаны туралы мәлімдеп, оның бет әлпетінің жаңғыртылуы бүкіл Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиға болатынын айтты»,- делінген хабарламада.   

З. Коршош қазақстандық тарапқа көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, мұражай мамандарының заманауи технологиялар көмегімен сапалы жұмыс нәтижелерін көрсететіндігіне сендірді.

"Венгрияның жаратылыстану мұражайына биыл 214 жыл толып отырғандығын атап өту қажет. Мұнда 10 миллионға таяу жәдігер сақталып отыр. Антропологиялық бөлім мамандары адамдардың бет әлпеттерін қалпына келтіру бойынша 70-тен астам жұмыс жүргізді. Оның ішінде Әбілқайыр ханның бейнесі де қалпына келтірілді. Венгриялық антропологтар Кейкі батырдың бет әлпетін жаңғырту жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсанына дейін аяқтауды жоспарлап отыр", - делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге саламыз, Кейкі батырдың бас сүйегі Астанаға 6 қараша күні жеткізіліп, Венгрияға жөнелтілді.

 12 тамызда Премер-министр лауазымында болған Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен өткізген кездесуі барысында ұлт-азаттық қозғалыстарының қолбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың  бас сүйектерін Қазақстанға қайтару мәселесін көтерген болатын.

Кейін Петр Великий атындағы антропология және этнография мұражайы директорының орынбасары Ефим Резван жасаған мәлімдемеден федералдық тізімге енген жәдігерлердің Қазақстанға федералдық заң немесе Ресей президентінің үкімі негізінде қайтарылуы мүмкін екендігі белгілі болды.

Кейкі батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтағы Кунсткамерада ондаған жылдар бойы сақталып келді. Қазақстандық тарихшылар антропология және этнография мұражайында Кейкі батырдың бас сүйегі оның кем дегенде жеті майдандас серіктерінің сүйектерімен бірге сақталуы мүмкін деген пікірде. Ол адамдардың сүйектерін де Қазақстанға  қайтару көзделіп отыр.

Кейкі батыр ұрпақтарының өз бабаларының сүйегін Қостанай облысында жерлеуге ниетті екендігі туралы бұған дейін хабарланған. Алайда, «Кенесары хан» қоғамдық қорының президенті Уәлихан Қайсаровтың пікірінше, аты аңызға айналған батырдың сүйегі Түркістанда жерленуі тиіс. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!