ШҚО абитуриенттерінің жартысы ресейлік ЖОО-на түспек

Фотография - ШҚО абитуриенттерінің жартысы ресейлік ЖОО-на түспек

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Аймақтағы мектептердің түлектері Ресейде білім алып, болашақта Қазақстанға қайтуды жоспарламайды.

496 0

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттің мамандары жүргізген зерттеу қорытындылары бойынша, облыс мектептері түлектерінің жартысы ресейлік ЖОО-на оқуға түспек ниетте, деп хабарлайды Today.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тоқсаныншы жылдары бала туу көрсеткіштері 1991 жылғы 219 мың адамнан 1998 жылғы 68 мың адамға дейін едәуір төмендеді. Сондықтан ШҚО-да соңғы жылдарда мектеп түлектерінің саны бір жарым мың адамға кеміген. Ал, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына түсетін жастарымыздың саны ұлғайып келеді. Ресейге көбінесе Риддер, Өскемен, Курчатов қалалары мен Зырян, Шемонаиха аудандарында тұратын жастар кетеді»,- дейді ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шәймарданов.

Саукалнамаға 10-11 сыныптарының 1,5 мың оқушысы мен 1200 ата-ана жауап берді.

"Сауалнамаға қатысқандардың жартысы Қазақстаннан тыс жерлерде оқуға ниетті, 25 пайызы елінде қалмақ ойлары бар, ал қалған 25 пайыз нақты жауап айтуға қиналды. Шет елде оқығысы келетіндердің 30 пайызы елге қайта оралмайтындығын айтады. Тағы 36 пайызы әлі нақты шешім қабылдай алмай жатыр. Шет елде оқуды таңдаудың негізгі себептері: грантқа түсу және мамандық бойынша жұмыс табу мүмкіндіктері көбірек, сондай-ақ, кәсіби дайындық деңгейінің биіктігі", - деп мәлімдеді сараптама қорытындыларын жариялаған ректор.

"2016 жылы Ресей Федерациясында 800 мың орынға 580 мыңнан астам бюджеттік орын бөлінген. Қазақстанда білім гранттарын 27 мың абитуриент иеленді. Бұл тегін оқуға ниет білдіргендердің жартысынан кем. (...) Ресейде ЖОО-на бюджеттік орындар аймақтық қағидат бойынша бөлінсе, Қазақстанда мамандықтарға берілгендіктен, студенттердің көпшілігі алынған гранттармен орталық ЖОО таңдайды. Бұл – анағұрлым дайындалған мектеп түлектері аймақтарға қайта оралмайды деген сөз", - деп ойын түйді Ж. Шәймарданов.

Ата-аналардың берген түсініктемелері бойынша, Ресейді таңдауға негізгі себеп отбасының материалдық жағдайларына байланысты. Ата-аналар Ресейде тегін жоғары білім алуға мүмкіндік көптігін атап өтті.

"Ресейде менің балам үшін мамандық таңдау және тегін оқуына мүмкіндік көбірек. Қызымның оқуға түсетініне күмәнім жоқ, өйткені біздің мектептерімізде білім беру деңгейге қойылған. Мен Ресей Федерациясында Шығыс Қазақстан облысынан келген студенттерді жақсы дайындықтары үшін жақсы көреді деп естігенмін. Біз ондағы жатақханаларды көрдік – өте жақсы. Әрине, бәрі емес, дегенмен,  ғимараттардың көпшілігінде сапалы жөндеу жүргізілген, бөлмелерінің жағдайы өте жақсы, онда екі-үш баладан орналастырады", - деді 11 сынып оқушысының анасы Ирина Лукьянова.

Жастардың шет елдерге кету мәселесінің шешімі ретінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттің ректоры Жасұлан Шәймарданов бірнеше ұсыныс жасады. Олардың бірі – қазақстандық ЖОО-на студенттерді альтернативті, ҰБТ тапсырмай, қабылдау сынақтарының формасын өздігінен белгілеу негізінде қабылдау құқығын беру. Сонымен қатар, оқу гранттарын аймақтың экономикалық қажеттіліктеріне байланысты бөлінуін ұсынды.  

"Шәймарданов мырзаның пікірінше, кәсіпорындардың нысаналы гранттар бағдарламасы да қалыптасқан жағдайдан шығудың тағы бір жолы болуы мүмкін. Мысал үшін, зауыт белгілі бір студенттің оқуын оның университетті бітіргеннен кейін аталған өндіріс орнына жұмысқа орналасқан жағдайда төлеуі мүмкін ", - пишет издание.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті басшылығының барлық ұсыныстарын облыс әкімшілігі қарастырмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!