Қазақстанның барлық аймақтарында инсульттық орталықтар ашылады

Фотография - Қазақстанның барлық аймақтарында инсульттық орталықтар ашылады

көрнекі фото

Инсульттың алдын алудың хирургиялық тәсілі аясында жасалатын әр отаға мемлекет үш миллион теңгеге дейін бөліп отыр.

339 0

Қазақстанның әр облыстық орталығында инсульттық орталық ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Today.kz Kazinform порталына сілтеме жасап. Бұл туралы баспасөз мәслихатын барысында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс нейрохорургы Серік Ақшолақов мәлімдеді.

Серік Ақшолақов инсульттың бүгіндері анағұрлым кең таралған сырқаттардың бірі, және оның 90 пайызында адам өлімге, немесе мүгедектікке душар болады.  Қазіргі уақытта Ұлттық орталықта хирургиялық профилактиканы жүргізу қолға алынған. Ота жасауға  мемлекет тарапынан үш миллион теңгеге дейін бөлінеді. Шет елдерде отаның мұндай түрінің құны – 60-150 мың АҚШ доллар. Орталық Азия елдері ішінде бұл ота тек Қазақстанда ғана жасалатындықтан, шет елдерден  республикамызға дәрігерлік көмек алу мақсатында көптеген пациенттер келеді.

"Біз жыл сайын 2,3 мыңдай жоспарлы ота жасаймыз, оның 60-70 пайызында жаңа технологияларды пайдаланамыз. 400 ота тек ми тамырлары ауруларына байланысты ғана жасалады. Бұл – инсульттарға әкеліп соқтыруы мүмкін патологияларды емдеу.  Біз мұны хирургиялық алдын алу деп атаймыз. Инсульттың болуын күту пациентті өлімге, немесе мүгедектікке қиюмен тең. Қазақстанда сырқатпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс бірге жүргізілетіндіктен, оның мақсаты – барлық облыстарда инсульттық орталықтар ашу", - деп түсініктеме берді Серік Ақшолақов.

Орталықтың ашылуынан өткен 8 жыл ішінде 150 шет елдік азаматқа ота жасалды. Ақшолақовтың айтуынша, инсультты емдеу және алдын алу жөніндегі үйлестіру орталығында инсультқа душар болған сырқат адамдарды емдеу нақты протоколдары жүргізіледі. Орталықтың тәлімгерлері – Ұлттық хирургия орталығы мен Алматыдағы Ішкі аурулар және кардиология институты.

 Еліміздің бас нейрохирургы орталықта функционалдық ақаулары бар ауруларға, атап айтқанда, қояншық ауруына шалдыққан балаларға ота жасала бастады.

"Біз қазір қояншық ауруына шалдыққан алпысқа таяу балаға ота жасадық. Нәтижелері өте жақсы. Алайда, оларды әрі қарай әлі де болса емдеу қажет болады. Сонымен қатар біз Паркинсон ауруына шалдыққандарды отамен емдейміз. Бұл ретте ауруларды өте қатаң талаптар бойынша іріктеу қажет.  Бізге келетін 100 аурудың тек 10-15 ғана жағдайлары ота жасауға келеді", - деп түйіндеді ол.

Ұлттық нейрохирургия орталығы 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылды. 8 жыл ішінде орталық мамандары қазақстандық азаматтарға 15 мың ота жасап,  60 жаңа нейрохирургиялық технология енгізді. Қазақстандық орталық Швейцариялық өнеркәсіп және жаңа технологияларды қолдау агенттігінің бастамасымен 2005 жылы құрылған «Еуропалық сапа үшін гран-при» құрметті наградасының иегері.

Естеріңізге саламыз, 24 маусым күні қоғамдық кеңес алдында ведомство қызметі жөнінде есеп берген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылы 41 мың қазақстандақ азаматтың инсультқа және 82 мың адамның миокард инфарктына душар болғаны туралы мәлімдеген. Министрдің айтуынша, Қазақстан халқының дискографиясына елеулі әсерін тигізетін инфекциялық емес әлеуметтік маңызды келесі бес негізгі сырқат бойынша медициналық көмек көрсетудің кіріктірілген моделі енгізілді: асқынған миокард инфаркты, мидағы қан айналымының асқынып бұзылуы (инсульт), қатерлі өскіндер және жарақаттар.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!