Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Фотография - Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Фото: akorda.kz

Жасұзақов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі және Қарулы Күштердегі жедел-әскери дайындық барысы туралы баяндады.

236 0

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, деп хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  Кездесуде С.Жасұзақов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі және Қарулы Күштердегі жедел-әскери дайындық барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті ведомствоның жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюының маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтың бүгінгі күнге дейінгі оң нәтижелері жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!