Қазақстан мен Қырғызстан тіркеусіз екі елде болу мерзімін 30 күнге дейін ұзартты

Фотография - Қазақстан мен Қырғызстан тіркеусіз екі елде болу мерзімін 30 күнге дейін ұзартты

Фото: mfa.gov.kz

Қазақстан мен Қырғызстанның сырқы саясат ведомстволарының басшылары Ерлан Ыдырысов пен Эрлан Абдылдаев бірқатар маңызды құжаттарға қол қой

239 0

Қазақстан мен Қырғызстан тіркеусіз екі елде болу мерзімін 30 күнге дейін ұзартады, деп хаабарлайды Today.kz премьер-министр сайтына сілтеме жасап.  Бұл туралы Қазақстан мен Қырғызстанның сырқы саясат ведомстволарының басшылары Ерлан Ыдырысов пен Эрлан Абдылдаев бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюы барысында белгілі болды.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы Келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға, Реадмиссия туралы келісім және 2017-2018 жылдардағы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

«Біз азаматтарымыздың екі елде тіркеусіз болуын реттейтін құжатқа қол қойдық. Бұл екі ел азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама. Осыған сәйкес екі ел азматтары 30 күнге дейін тіркеусіз екі елдің аумағында бола алады. Әрине, бұл құжат мемлекет ішіндегі бекіту рәсімдерін талап етеді. Біз екі елдің азаматтары күтіп жүрген осы құжат бекіту кезінде Парламентте кідіріп қалмайды деген сенімдеміз», - деп хабарлады  Э. Абдылдаев.

Сондай-ақ, министрлер шекарадағы өткізу пунктерінін дамыту мәселелерін талқылады.

«Бұл жұмыс басталып кетті және сәйкесінше нәтижесін беріп жатыр. Біз жұмысты тоқтатпай, екі ел азаматтарына бір-бірінің еліне барарда жайлы жағдай жасау үшін, барлық шекара бойынша, барлық бақылау-өткізу пунктерінде жұмыстарды жалғастырамыз деп келістік», - деді Қырғызстан СІМ басшысы.

Э. Абдылдаев қырғыз делегациясының келіссөздердің қорытындысына көңілдері толатындығын айтты. Оның айтуынша, елдер арасындағы қарым-қатынастың ілгерілемелі даму серпіні бар.

«Бізде бірқатар шешілмеген мәселе болса да, мазмұнды атқарылған жұмыс көлемі мен айтарлықтай әлеует бар. Ең бастысы бізде күн тәртібінде тұрған барлық мәселелерді шешуге деген ниет пен үлкен ұмтылыс бар. Біз одақтас, ағайынды мемлекеттерміз. Біз сондай болдық, солай болып қаламыз да», - деді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!