«ҚазАгро» ауылдық шағын бизнес пен кооперативтерді қаржыландыруды күшейтеді

Фотография - «ҚазАгро» ауылдық шағын бизнес пен кооперативтерді қаржыландыруды күшейтеді

Фото: ortcom.kz

Биыл «ҚазАгро» холдингіне мемлкеттік бюджеттен 51,7 млрд теңге бөлінген.

307 0

«ҚазАгро» ауылдық жерлердегі шағын бизнес пен кооперативтерді қаржыландыруды күшейтеді, деп хбарлайды Today.kz Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Биыл «ҚазАгро» холдингіне мемлкеттік бюджеттен 51,7 млрд теңге бөлінді, ол өнімді жұмыспен қамтуды жоғарылату және тұрғындардың табыстарын арттыру, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша жобаларды қолдауға жұмсалады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Айгүл Мұхамадиева айтып өткендей, қазірдің өзінде сүт қабылдау пункттерінің желісін құруға және отбасылық сүт фермаларын қолдауға, отбасылық бордақылау алаңдарын құруға және оның базасында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыруға, ауылшаруашылық кооперативтерін құруға және жеміс-көкөніс өсіру бойынша жеке қосалқы шаруашылық құруға арналған жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

«ҚазАгро» холдингі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» шеңберінде шағын несиелеуге алынған қаражат есебінен және меншікті қаражат есебінен жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты бастап кетті. Қазір республикалық бюджеттің қаражатын пайдаланып,  холдинг қаржыландыруға 10,5 млрд теңге қаражатты қосымша бағыттауды жоспарлайды», - деді А. Мұхамадиева.

Оның айтуынша, жобаларды қаржыландыру жылдық 6%-дан аспайтын жеңілдікті мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады және 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Ет, сүт, жеміс пен көкөністің өндірісі бойынша кемінде 192 мың жеке қосалқы шаруашылықты бейресми айналымнан шығаруға мүмкіндік береді, сүт зауыттары мен ет комбинатының өндірістік қуаттарын арттырады, салық төлемінің түсімін ұлғайтады.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау бойынша 43 жоба холдингтің қарауында жатыр. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!