Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін жаңа несие өнімдері пайда болды

Фотография - Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін жаңа несие өнімдері пайда болды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Ол несие мерзімін 7 жылға дейін ұзарту жөніндегі ЖҚЖК-2020 бойынша Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

612 1

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ҚР ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік өнімдер жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа несие өнімдері бекітілді. «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға, «Игілік» ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруге, «Бірлік» сүт қабылдау бекеттерін құруға, «Береке» отбасылық бордақылау алаңдарын құруға бағытталған», – деді вице-министр.

Ол ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микронесиенің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ бір реттік несие көлемін 16 млн теңгеге дейін және несие мерзімін 7 жылға дейін ұзарту жөніндегі ЖҚЖК-2020 бойынша Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

«Жоғарыда айтылған іс-шараларға байланысты министрлік әрбір облыста пилоттық жоба жүзеге асырылатын аудандарды анықтау үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Ол жерде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың талаптарын қанағаттандыратын кооперативтер құрылады. Ал келесі ретте сол кооперативтердің тәжірибесін өзге аймақтарда көбейту үшін пайдаланылады», – деді вице-министр.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Байменов Асан 19 ақп. 17:27

Ассалаумагалейкум.мен 21.12.2016жылы ауыл шаруашылык кооператив аштым.сол ауыл шаруашылыгын жургзин десем каражат жок.калай несие алып.жумысты бастауга болады.сут.ет багытын жургызу уставта жазылды.хабарласунызды суранамын.87058861722.87751464227

Жауап беру